Басқарма жаңалықтары22-12-2011«Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру туралы 2011 жылы «Ақ Бұлақ» бағдарламасы шеңберінде сумен қамту және су бұру бойынша 32 нысанды іске асыру және 28 жобаны әзірлеуге 5937,1 млн. теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен 5551,3 млн. теңге. 22-12-2011Өңірлердегі үй және шаруа қожалықтарын шаруашылық есепке алу мәліметтерін сәйкестендіру мақсатында жүргізілген жұмыстар туралы Қалалар мен аудандар әкімдеріне барлық мүдделі мемлекеттік органдармен тексеру жүргізу бойынша үй және шаруа қожалықтарды есепке алу кітаптары бойынша шаруашылық кітаптарында көрсетілген мәліметтерді нақты мәліметтермен сәйкестендіру мақсатында облыс әкімінің бірінші орынбасары С. Әбденовпен бекітілген нұсқаулар мен нысандар жіберілді. 21-12-2011Спутниктік мониторинг енгізу туралы Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен автокөліктің спутниктік мониторинг жүйесін енгізуге және GPRS құралын сатып алуға 9 343 мың теңге және аталған құралға қызмет көрсетуге 2 640 мың теңге бағытталған. 21-12-2011Тәуелсіздіктің 20 жылында Тәуелсіздіктің 20 жылында 153 шақырым темір жол және 62 шақырым көлік жолдары, 6 көпір салынды. Халыққа қызмет көрсету саласының инфрақұрылымы түбірімен өзгерді. 21-12-2011Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде 2011 жылы мектепке дейінгі ұйымдарда қосымша 8051 орын енгізілді, оның ішінде 2 балабақша құрылысы, 8 бұрын жекешелендірілген балабақша қайтарып алынды және босататылды, шағын орталықтарда қосымша 169 топ құрылды. 21-12-2011Шығыс Қазақстан облысында өндірістік экологиялық мониторингтің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі туралы Алғаш рет Өскемен қаласында облыс әкімінің қолдауымен қоғамның бастамасы бойынша бюджеттен тыс қаражаттар есебімен өнеркәсіптік пайдалануға бірінші кезекте облыстық орталықта атмосфералық ауа сапасын бақылауды қамтамасыз ету үшін өндірістік экологиялық мониторингтің Өңірлік автомматтандырылған ақпараттық жүйесі іске қосылды. 15-12-2011Ішкі бақылау қорытындылары туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 144 бабына сәйкес Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында ішкі бақылау қызметі функциясын ішкі бақылау және ұйымдастыру-құқықтық қызмет бөлімі жүзеге асырады. 15-12-20112011 жылдың қаңтар-қараша айларында агроөнеркәсіп кешенінің қорытындысы. Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында жалпы өнім көлемі 189,4 млрд. теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 39,4% өсті. 14-12-2011Денсаулық сақтау саласын дамытуға Денсаулық сақтауды дамытуға 2011 жылы 28,85 млрд. теңгені құрады, 2011 жылдың 1 желтоқсанғ есепті кезеңге жоспарланған 26,9 млрд. теңге орнына 25,5 млрд. теңге немесе 94,7%. игерілді. 13-12-2011Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2011 жылғы қаңтар-қарашадағы тұтыну бағаларының индексі 2011 жылғы он бір айдың қортындысы бойынша облыста тұтыну бағаларының индексі 106,5%- ды құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 0,5 пайыздық тармаққа және 2010 жылғы тиісті көрсеткіштен 1,2 пайыздық тармаққа төмен. Облыстық тұтыну нарығындағы азық-түлік тауарлары 8,6%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 4,8%-ға, халыққа көрсетілетін қызметтер 5,2%-ға қымбаттай түсті. |
















